СҚО-да инсульт алған ер адам 4 сырқатқа донор болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы тұрғынының ағзалары туыстарының рұқсатымен 4 адамға салынды.

медицина
Фото: UMC Жүрек орталығы

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 62 жастағы өңір тұрғыны ауруханаға инсультпен жеткізіліп, комаға түскен. Дәрігерлер инсульт салдарынан оның миының өлгенін растады. Медициналық бригада және трансплантация үйлестірушісімен сөйлескеннен кейін ер адамның туған-туыстары ағза донорлығына келісім берді, осылайша қажетті ағзаны күту тізімінде тұрған бірнеше сырқаттың өмірін ұзартты.

операция
Фото: UMC Жүрек орталығы

3 ақпан күні республикалық медициналық авиация желісі бойынша «University Medical Center» корпоративтік қорының «Жүрек орталығынан» және «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС-нен 6 адамнан тұратын трансплантологтар бригадасы келіп, органдарды іріктеп алды. Кейін Астананың клиникаларында 4 пациентке ағзаларды трансплантациялау сәтті жүргізілді.

Алматы қаласынан келген 54 жастағы ер адам жүрек реципиенті болды. Оған бұған дейін LVAD қан айналымын қолдайтын механикалық құрылғы имплантацияланған екен. Осы құрылғының арқасында жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы сырқат қажетті ағза трансплантациясын күте алды.

- Құрылғы қойылғаннан кейін науқас қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдап, үнемі тексеруден өтіп тұрды. Жүректі ол 4 жыл бойы күтті. Донорлық орган мен сырқаттың үйлесімділігі максималды сәйкестікті көрсетті. Біз науқасқа қоңырау шалып, жүрек трансплантациясы туралы жаңалықты хабарладық. Ол қуанып, әрі толқып, операцияға дайындалу үшін дереу клиникаға келді, - деді UMC жүрек орталығының кардиолог дәрігері Наиль Хисамутдинов.

Бұған дейін Алматы облысында қайтыс болған донор 4 адамның өмірін сақтап қалғанын жазған едік.

медицина
Фото: UMC Жүрек орталығы

 

 

Соңғы жаңалықтар