СҚО-да Ішкі істер министрі аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов облыс прокуратурасында болып, ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар жаңа жағдайда тиімді жұмыс істеу үшін бірінші кезекте техникалық жабдықтауды жетілдіру және заманауи цифрлық ресурстарды енгізу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев полицияны реформалаудағы негізгі принциптерді іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуымен танысты. «Жұртқа жақын полиция» қағидатын дамытудың маңызды факторы - криминогенді деп саналатын және адам көп жүретін учаскелерге модуль үлгісіндегі стационарлық бекеттер орнату. Петропавлда халық көп шоғырланған, соның ішінде сауда-көңіл көтеру орталықтарына жақын жерде осындай екі модуль жұмыс істейді. Қала тұрғындары бұл жерге кеңес алу үшін де, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да жүгінеді. Ерлан Тұрғымбаев СҚО-да осындай тағы 4 бекет орнату қажеттігін атап өтті.


Ішкі істер министрі аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды. Ол үшін полицияның көшелерде қызмет атқару тәртібі қайта қаралмақ.

Өңірге сапары барысында еліміздің бас полицейі Жедел басқару орталығында, Кинологиялық қызмет орталығында және кавалерия бөлімшесінде болды.

Ерлан Тұрғымбаев азаматтардың жеке қабылдауды өткізді. Солтүстікқазақстандықтар қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғана жүгініп қоймай, алғыстарын да білдірді.

Ішкі істер министрі жеке құраммен кездесті. Ол СҚО - Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы сияқты үш облысымен шектесетін өңір екендігін атап өтті. Бұл барлық полиция жұмысына белгілі бір жауапкершілік артады. Министр заңсыз көші-қонмен, интернет-алаяқтықпен, мал ұрлығымен, синтетикалық есірткілерді таратумен байланысты қылмысты ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Олар трансшекаралық сипатқа ие және бұл қылмыстармен тиімді күресу үшін шетелдік әріптестермен тығыз іс-әрекет жасасу қажет.


Соңғы жаңалықтар