СҚО-да із-түзсіз кеткен 48 жастағы ер адамға іздеу жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 48 жастағы Андрей Коржанға іздеу жарияланды. Хабарсыз кеткен ол бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны Андрей Коржан 28 ақпан күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Бойы шамамен 180 см. Үстінде жағасы бар қара-көк күртешесі, қара-көк джинсы шалбары, аяғында қара етігі болған.

Тәртіп сақшылары іздеудегінің жүрген жері туралы қандайда бір ақпарат болған жағдайда «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

«Кейбір адамдар өз жоспарлары туралы жақындарына айтпай үйден кетіп қалады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бірі жұмыс іздеп, басқа аймақтарға жол жүруі мүмкін, енді бірі ішімдікке әуестеніп, таныстарымен көңіл көтеруге кетеді. Оларды туыстары өздігінен іздеп, нәтиже болмаған жағдайда полицияға жүгінеді», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Арыз келіп түскен сәттен тәртіп сақшылары бірден іздестіру іс-шараларын өткізуді бастайды. Бірден жоғалғандар туралы бағдарлар барлық полиция бөліністері мен қызметтеріне таратылады.

Жоғалу себептері әр түрлі. Оларды іздеу едәуір ресурсты қажет етеді. Биылғы жылдың екі айында облыс бойынша полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 49 өтініш келіп түскен. Олардың барлығы іздестіріліп, 47 адамның жүргені жері кезекші тәулік ішінде анықталды.


Соңғы жаңалықтар