СҚО-да қалалардағы сумен қамту жүйесін дамыту үшін 403,7 млн. теңге бағыттайды

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2016 жылы сумен қамту нысандарының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Сумен қамту жүйесін дамыту үшін 403,7 млн. теңге қарастырылған», - деп атап өтті А.Федяев.
Федяевтың сөзіне қарағанда, елді мекендердегі сумен қамту жүйесін дамыту үшін СҚО Уәлиханов ауданындағы Чехово а. - Кішкенекөл су таратқыш жүйесін қалыпқа келтіру» жобасын аяқтауға 43,7 млн.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар М.Жұмабаев ауданындағы 3 ауылда (Бастомар, Конюхово, Майбалық) құрылыс-жинақтау жұмыстарын аяқтау керек. Жобаларды аяқтауға бюджетте қарастырылған сома 22,4 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2016 жылы Соколов топтық су таратқыш желісін қалыпқа келтіру жұмыстарын тындыру қажет. Бұл жобаны жүзеге асырғанда Қызылжар ауданының 10 ауылында сумен қамту жүйесі жақсарып, 3 ауыл (Гайдуково, Вишневка, Вознесенка) орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Петропавл қаласындағы кәріздік тазарту құрылымдарын жаңғыртуды аяқтау бойынша жобаны жүзеге асыру жалғасады. Жоба құны 1,4 млн. теңге.