СҚО-да қант өндіретін зауыт салынады

«Шал ақын ауданында қант өндіретін зауыт құрылысының жобалық құны - 900 млн. теңге. Зауыттың жобалық қуаты - 8 мың тонна. 2016 жылы аяқталады, бұл ретте 84 жұмыс орны құрылады. Жоба пысықталған. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар. Ресей Жинақ банкі мен Халық банкімен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда», - деп атап өтті СҚО ИИДБ басшысы М. Ысқақов.
Үйлестіру кеңесінің отырысында «ҚазТехМаш» ЖШС-ның жобасы да қаралды. Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы, тасымалдау және коммуналдық техника өндіру жоспарлануда. Жоба қуаты - 400 дана комбайн, 500 трактор, басқа да техникалар - 1200 дана. 2015 жылы пайдалануға енгізіледі. Жұмыс орны - 128.
«Сондай-ақ қалада жүгері қауызы мен құрғақ таңғы ас өндіру жоспарлануда. жоба құны - 184 млн. теңге. Жабдық өнімділігі сағатына 250 келіні құрайды. Жобаны іске асыру шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтуге, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы пайдалануға берілмек», - деп қосты М. Ысқақов.
Отырыста СҚО Уәлиханов ауданы Теке көлінде ас тұзын өндіру және қайта өңдеу жобасы мақұлданды. Жоба құны - 550 млн. теңге. Негізгі мақсаты жетекші шетел фирмаларының озық технологиялары мен заманауи жабдықтары негізінде тұз шығару бойынша қайта өңдеуші кәсіпорын құру. 2016 жылы пайдалануға енгізу жоспарлануда, бұл ретте 48 жұмыс орны құрылады.
2015 жылы өңірде Тайынша ауданында керамзит балшығын өндіру және қайта өңдеу өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба қуаты - жылына 20 мың текше керамзит. Жоба пысықталды. Қазір жабдықты жеткізуге шарт жасалды.
«Үйлестіру кеңесінің келесі отырысына екінші бесжылдықтың 5 жобасы шығарылмақ», - деп сөзін аяқтады М. Ысқақов.