СҚО-да қайтыс болған екі баланың неден уланғаны белгілі болды

улану
Фото: Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде бір отбасы астан уланып, екі бүлдіршін қайтыс болды. Бірқатар сараптамадан кейін балалардың өліміне не себеп болғаны анықталып отыр.

Оқыс оқиға 13 маусым күні болған еді. Естеріңізге салайық, бір отбасының бес адамы кешкі ас кезінде ауылдағы дүкеннен сатып алынған тұшпара мен шұжық жеп, кейін уланып, ауруханаға түскен еді. 3 және 6 жастағы баланы құтқару мүмкін болмады. 

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама жүргізіліп, нәтижесінде балалардың өліміне нитриттерден улану себеп болған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мамандардың сөзіне сүйенсек, нитритті ет өнімдеріне – шұжықтарға қолданады, өнімді ыстаған, маринадтаған және тұздаған кезде пайдаланады. 

Бұған дейін 24-шілде мен 31-шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы СҚО-да тұрғындарды қабылдап, медициналық көмек көрсететінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар