СҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» және «Парыз» байқауларының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов «Қазақстанның үздiк тауары» және «Парыз» байқауларының өңiрлiк кезеңдерiнiң жеңiмпаздарын марапаттады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Өздерiңiз бiлетiндей, бұл екi байқауды Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев отандық тауарларының сапасын жақсарту және тауарлар бәсекелестiгiн орнату мақсатымен ұсынған болатын. Кәсiпкерлiктi қолдау, бизнестiң қолайлы iскерлiк ахуалын құру мемлекеттiк саясаттың басты басымдылықтарының бiрi болып табылады»,- дедi Ерiк Хамзаұлы.

«Қазақстанның үздiк тауары» байқауында «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауар» номинациясында қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған жабдықтары үшiн «TEMA SUPPLIER» ЖШС, тиiмдi жылу блоктарын өндiрушi жеке кәсiпкер Боштай Жүнiсов және табиғи тыңайтқыштар өндiрушi жеке кәсiпкер Андрей Стрелец жеңiмпаз атанды. «Халыққа арналған үздiк тауарлар» номинациясында «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ сандық теледидарға арналған жабдықтары үшiн, жанар-жағармай түйiршiктерiн өндiрушi жеке кәсiпкер Сермұхамет Ахмутдинов және «Домашний мастер» ЖК сапалы үй жиһазы үшiн дипломдарға ие болды. «Үздiк азық-түлiк тауарлары» номинациясында «Атай-СК» ЖШС жұмыртқа өндiрiсi үшiн, «Петропавл арақ зауыты БН» ЖШС тауарының мол түрлері және сапалы өнiмi үшiн, кондитерлiк өнiмдердiң жоғары тұтынушылық сипаты үшiн жеке кәсiпкер Зарема Попова марапатталды. «Парыз» байқауы бойынша «Үздiк әлеуметтiк-жауапкершілікті кәсiпорын» номинациясында «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, Мағжан Жұмабаев атындағы аудандағы «Карагугинское» ФШҚ және Есiл ауданындағы «Бай-Еңбек» ЖШС марапатталды. Еңбектi қорғау саласында үздiк кәсiпорын болып «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС және Айыртау ауданындағы «Агроком Мәдениет» ЖШС атанды. «Үздiк ұжымдық келiсiм» номинациясында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның «У.Ш.Жұмабеков» ФШҚ және Уәлиханов ауданының «Қызылту Көлiк» ЖШС үздiк болды. «Экологияға үлес қосқаны үшiн» аталымында «Сұлтан-ЭММК» АҚ мен «Жуков» ЖК марапатталды. Үстiмiздегi жылы «Қазақстанның үздiк тауары» байқау-көрмесiне 33 кәсiпорын, «Парыз» байқауына 29 кәсiпорын қатысуға өтiнiш бердi.

Соңғы жаңалықтар