СҚО-да Қызылжар креативті индустрия орталығы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет саласындағы 16 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтып берді.

Индустриялық парк
Фото: Ақорда

Әкімнің айтуынша, облыс орталығы Петропавлда «Ботай» Арт-галереясы ашылды. Мұнда көрмелер мен кездесулер өткізіледі.

− Президент тапсырмасы аясында Қызылжар креативті индустрия орталығы ашылды. Жобаның жүзеге асырылуына «Самұрық-Қазына Траст» даму қоры қолдау көрсетті. Ғимараттың тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, шығармашылық жобаларды дамытуға арналған инновациялық жабдықтар орнатылды. Бұл — талантты жастардың шығармашылығын дамытуға ықпал ететін, креативті индустрияның дамуына жол ашатын бірегей алаң, − деді Ғ. Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетейік, СҚО-да апатты мектептер мен жатақхана тапшылығы мәселелері толық шешілді.

Сондай-ақ, кардиорталық пен қалалық ауруханаға заманауи ангиографтар қойылып, СҚО дәрігерлері жүрекке жоғары технологиялық ота жасай бастады.

 

Соңғы жаңалықтар