СҚО дәрігерлері жүрекке жоғары технологиялық ота жасай бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында 46 медициналық нысан салу жоспарланған. Бұл туралы өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтып берді.

операция
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Әкімнің айтуынша, былтыр 8 нысан ашылған еді. Биыл 38 мекеменің құрылысы аяқталуға жақын. Жас Өркен және Береке шағын аудандарында екі емхана ашылды. Жыл соңына дейін Кішкенекөл ауылында жаңа емхана іске қосылады.

− Санитарлық автокөліктер жаңартылып, биыл 7 техника алынды. Қондырғыларды жаңартуға 5 миллиард теңге бөлінді. Ауруханаларға УЗИ, цифрлы рентген, ИВЛ, маммограф және тағы басқа аппараттар орнатылды. Кардиорталық пен қалалық ауруханаға заманауи ангиографтар қойылды. Енді кардиохирургтар жүрекке жоғары технологиялық оталар жасауда, − деді Ғ.Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, Петропавлда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Онда 3 жасқа дейін балалар әр түрлі патология бойынша оңалтудан өтеді.

«Облыста телемедицина бойынша пилоттық жоба жүзеге асты. Франциялық компаниямен серіктестік аясында «Лимстар» атты 16 телемедициналық кешен қойылды. Медициналық аппараттардың көмегімен шалғай ауылдарда тұратын адамдарға кеңес беріліп, диагноз қойылады», - деп толықтырды өңір басшысы.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі көктемгі су тасқыны салдары қалай қалпына келтірілгенін айтып берген еді.

Сондай-ақ, Петропавл қаласының атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар