СҚО-да көктайғақтан 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше өңірде жауын жауған. Алайда түнде ауа температурасы минус 10 градустан төмен болып, айнала мұзға айналды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше өңірде 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның 16-сы Петропавл қаласында, 8-і  қала сыртындағы күре жолдарда болған. Жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

«Жалпы жағдай бақылауда, жергілікті, облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарға жол-патруль полициясы және учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінің бекеттері құрылды», - дейді СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматов.

Полиция өкілдері өңірде ауа райы қолайсыздығына байланысты ірі жол апаты болмағанын мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар