СҚО-да ҚР Конституциясы күні қарсаңында ІІМ үздік 40 қызметкері марапатталды

«СҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Ахан Қажкенов 4 қызметкерге екінші дәрежелі «ҚР ІІМ үздігі» төсбелгісін, тағы 5 қызметкерге «ҚР ішкі істер органдарының ардагері» медальдарын табыс етті. Сондай-ақ, тағы 5 қызметкер ІІМ басшысы - генерал-лейтенант Қалмұханбет Қасымовтың грамоталарымен, алғысхаттарымен марапатталды», - делінген хабарламада.
Марапатталғандардың арасында нәзік жанды да болды. Мереке қарсаңында Петропавл қалалық ІІБ аға тергеушісі, полиция капитаны Гүлсім Нұрекинаның еңбегі еленді.
СҚО ІІД басшысының бұйрығымен 2 қызметкер арнайы атақ (шен) алды, 22 қызметкер грамота және алғысхаттармен марапатталды.
ІІД басшысының дипломы мен кубогына ҚР ІІМ аймақтық және республикалық жарыстарында жеңіске жеткен ІІД спорттық және музыкалық командалар марапатталды.
Салтанатты шарада ІІД 2 жас мемлекеттік қызметкері ант қабылдады.