20:36, 18 Қараша 2011 | GMT +5
СҚО-да ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы ТКШ және энергетика мәселелерін талқылады
ПЕТРОПАВЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында жүр.
Монополияға қарсы ведомствосының жетекшісі аймақ басшысы Серік Біләловпен бірге «СолтүстікҚазақстанЭнегро» АҚ Петропавл ЖЭО-2 нысанында болып, кәсіпорындағы инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Күннің бірінші жартысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мамлют ауданында болып, ауданның энергия кешенін қайта жаңғырту мәселесін талқыдан өткізді.
Түстен кейін Петропавлдағы облыстық әкімдікте өңір басшысы Серік Біләловтің төрағалығымен департамент және ведомство жетекшілері, табиғи монополия субъектілері, қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңес болды.
Кеңесте тарифтік саясат арқылы ТКШ саласын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды