СҚО-да криптовалютаны айырбастау пунктін заңсыз құрғандар анықталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM –  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары криптовалюта айырбастау пунктін заңсыз құрып, табыс тауып келгендердің ісін әшкереледі. 

СҚО-да криптовалютаны айырбастау пунктін заңсыз құрғандар анықталды
Фото: freepik.com

Ведомство басшысы Бақытжан Абулхаировтың айтуынша, цифрлық активтерді заңсыз криптовалюта айырбастау пункті арқылы айырбастаған бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты. Алайда, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық кіріс 680 млн теңгені құраған. Сотталғандардан мемлекет кірісіне 392 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.

«Қаржы пирамидаларымен күресу жұмысы аясында 110 жәбірленуші бар және 100 млн теңгеден асатын шығын сомасымен Qnet құрылымдық бөлімшесіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Жалпы, қылмыстық істер бойынша 4 млрд теңгеден астам сома залал өтелді, оның 210 млн теңгеден астамы ақшалай қайтарылды», - дейді Бақытжан Абулхаиров.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта AFM-Insaider аналитикалық жүйесі енгізілген, бұл IT құралдарын пайдалана отырып, азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, осы мақсатта Telegram бот жұмыс істейді.

«Кибернадзор жүйесі арқылы қаржы пирамидаларының қызметін насихаттап, азаматтарды заңсыз контентке шақырған 115 сілтеме бұғатталды. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бағытында да осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасанды интеллект көмегімен интернетте заңсыз ойын туралы 414 сілтеме және онлайн казино жарнамасына 625 сілтеме бұғатталды», - дейді департамент басшысы. 

Бұған дейін СҚО-да мас күйде рульге отырған ауыл әкімінің жұмыстан босатылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар