СҚО-да куәлігі жоқ болса да көлік тізгіндеген 50-ге жуық жүргізуші анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күн ішінде жүргізуші куәлігінен айырылған 44 адамды, көлік жүргізуге құқығы жоқ 50 тұрғынды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Куәліксіз жүргізуші» жедел-профилактикалық шарасына 500-ге жуық полицей жұмылдырылған. Олар көлік басқару құқығынан айырылса да машина жүргізгендерді анықтады.

«Audi В4» автокөлігінің иесі 33 жастағы петропавлдық 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған ол былтыр күзде тағы да рульге отырған. Оған сол кезде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл жолы ол дәл осы баптың 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады, яғни ол жауапқа тартылған бір жылдың ішінде заң бұзушылыққа қайта жол берген.

«Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде облыс жолдарында көлік басқару құқығы жоқ - 50 және көлік жүргізу құқығынан айырылған - 44 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», - СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, операция аясында 1,5 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде 267-сінде жүргізуші немесе салондағы жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпаған, 168-інде жүргізушіл көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен және 164-інде жылдамдықты асырған.

Соңғы жаңалықтар