СҚО-да күн 33 градусқа дейін ысиды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайтындығы ескертілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Солтүстік Қазақстан тұрғындары ұялы телефондары арқылы 112 қызметінен 8-9 мамыр күндері ауа температурасының +33 градусқа дейін көтерілетіндігі туралы хабарлама алды. «Өңірдегі ормандардың өрт қаупі жоғары. 33 градусқа дейінгі ыстық ауа райы күтіледі», - делінген SMS-хабарламада. Таяуда ғана облыстық әкімдіктің отырысында ТЖ департаментінің басшысы Рамиль Қамалов аймақтағы өрт жағдайын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұған дейін 5 орман өрті мен 200-ге жуық шабындықтың жануы тіркеліп үлгерген.