СҚО-да құрылысы ұзаққа созылған шекара бекеттері қашан қолданысқа беріледі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында үш жыл бұрын салына бастаған мемлекеттік шекара бөлімшелерінің құрылысы биыл аяқталуы мүмкін.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

2022 жылы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында СҚО-да 12 шекара бекетінде құрылыс жұмысы басталды. Мемлекеттік бағдарлама аясында әскери қызметшілерге жағдай жасалып, бөлімдердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуы тиіс еді. Бірақ жұмыс созылып кетті. Бағдарламаның әкімшісі және тапсырыс беруші – ҚР Көлік министрлігі. Ведомство берген жауап бойынша шекара бекеттеріндегі құрылыс биыл аяқталады.

- Бүгінгі күні «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында СҚО-да ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік 12 шекаралық бөлімінің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазынада қаражаттың жеткіліксіздігінен жобаны жүзеге асыруда туындаған кідірістерге байланысты 2024 жылы жобаларды аяқтау мүмкін болмады. Аяқтау мерзімі 2025 жылға ауыстырылды, - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, былтыр СҚО-ның шекара қызметі жалпы сомасы 69 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарын өткізудің 460 фактісін, салмағы 3,4 мың тоннадан асатын қара және түсті темір қалдығын өткізудің - 30, сондай-ақ сомасы 970 млн теңгеден асатын шетел валютасын заңсыз өткізудің 82 дерегін анықтап, жолын кесті.

Биыл мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі 3 тергеп-тексеру тіркелген.

Бұған дейін Наурыз мерекесінде Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейтіндігін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар