СҚО-да құс фабрикасында жарақат алған ер адамның қолына ампутация жасалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында құс фабрикасының жұмысшысы өндірістік жарақат алды.

операция
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Жұмыс барысында абайсызда оның қолы жүріп тұрған жабдыққа қысылып қалған.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алған ер адам 22 ақпан күні кешке ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оның оң жақ иық сүйегінің ортаңғы бөлігі ашық түрде сынып, сүйек ығысқан. Қолы қатты жыртылып, мыжылған. 

Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Ауыр жарақат салдарынан дәрігерлер оның қолын білектен жоғары, иық сүйегінің үштен бір бөлігі деңгейінде кесіп алып тастауға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Бұған дейін өндірістік жарақат алған адамға өтемақы қалай есептелетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум