20:15, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
СҚО-да Мәдениет басқармасының бастығы ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Петропавлда СҚО бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері пара алу үстінде мәдениет басқармасының бастығын ұстады.

СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шенеунік ертең Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтетін Анжелика Варум мен Леонид Агутиннің концертіне 416 мың теңге сомасына 26 билет алу арқылы концерт ұйымдастырушыларынан пара алған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 311 бабының 4 бөлім «а» тармақшасымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасы жөнінде мәселе шешілуде.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай таратылмайды.