СҚО-да мамыр айында ауа райы қандай болмақ

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында мамыр айының басында сынап бағанасы +27°С-қа дейін жоғарыламақ.

СҚО-да мамыр айында ауа райы қандай болмақ
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, жалпы, мамыр айында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, айлық орташа ауа температура +14,7…+15,1°С шамасында болады. Бұл қалыпты көрсеткіштен 1-2 градусқа жоғары. 

Айдың бірінші онкүндігінде түнгі ауа температурасы +2…+7°С аралығында ауытқиды, облыстың солтүстік бөлігінде +1°С дейін үсік жүруі ықтимал. Кейін температура +8…+13°С -қа дейін көтеріледі. Күндіз +14…+19°С -тан +22…+27°С -қа дейін жылынады.

Екінші онкүндікте де ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде +2…+7°С аралығында сақталып, + 1°С дейін үсік жүруі мүмкін. Кейін түнгі температура +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды. Күндізгі уақытта сынап бағанасы +14…+19°С-тан +24…+29°С-қа дейін жетеді.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендеп, түнде 0…+5°С дейін суытуы ықтимал. Күндіз +12…+17°С шамасында болады. Алайда ай соңына қарай қайта жылынып, түнгі температура +12…+17°С-қа, ал күндіз +26…+31°С-қа дейін көтеріледі.

Жауын-шашын мөлшері ай бойы норма деңгейінде 25–39 мм) шамасында болады. Сонымен қатар жаңбыр, найзағай және секундына 15–20 метрге дейін жететін жел жиі қайталануы мүмкін. Екінші онкүндіктің басында тұман түседі деп болжанған. 

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында көктемнің соңғы айында күн біресе суытып, біресе ысып, ауа райы құбылмалы болатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар