СҚО-да мектеп оқушысы аймақтағы туризмді дамыту үшін облыстың электрондық картасын жасап шығарды

«Нұр Отан» СҚОФ-ның төрағасы Ерік Сұлтановқа қабылдауға қалалық классикалық гимназияның оқушысы Мірболат Аңдағұлов келді. Ол өзінің «Аймақтағы туризмді дамытуға арналған Солтүстік Қазақстан облысының электрондық картасы» ғылыми жобасын таныстырды. Он бірінші сынып оқушысы біздің аймағымызға туристерді тарту мақсатымен картаны БАҚ-та және Ғаламтор желісінде орналастыруды ұсынды. Туристік бағдарлардан басқа, оған әрбір аудан, танымал жерлестер туралы қысқаша ақпарат, сондай-ақ жолдар картасы кіреді», - делінген хабарламада.
Ерік Сұлтанов облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевке мектеп оқушысының ұсынысын қарастыруды тапсырды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар баратын «Пульс» заманауи және халық биі ансамблі солистерінің ата-аналары Түркияда өтетін «Бірлесу» атты балалар мен жасөспірімдер ұлттық шығармашылығының фестиваль-байқауына қатысу үшін материалдық көмек көрсету мәселесімен келді.
Ерік Сұлтанов қаржылық сұрақты шешуге көмектесуге уәде берді. Кәсіпкер Марина Богданова өз наубайханасында нан пісіріп, оны жеке фирмалық дүкені арқылы зейнеткерлерге тегін таратуда. Ол «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасына бизнесті кеңейту үшін несие алуға көмектесуін сұрады.
«Нұр Отан» партиясының СҚОФ-ның төрағасы Ерік Сұлтановтың қабылдауына келген барлық солтүстікқазақстандықтармен заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.