СҚО-да мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғаларымен жұмыс бөлімінің басшысы ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғаларымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы 200 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«16 шілдеде СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері түнгі уақыттарда жедел іздестіру шаралары кешенін жүргізу кезінде шағын аудандардың бірінде қаланың мемлекеттік кіріс басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы делдал арқылы жалпы 500 мың теңге тиісті соманың 200 теңгесін алып жатқан кезде ұсталды», - делінген хабарламада. Ол ақшаны көлікке салықтан, оның өсімінен алып тастау үшін алған. Сол күні күдікті Петропавл қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 17 шілдеде прокурор күдіктіге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шараларын қабылдады. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар