СҚО-да мемлекеттік қызметкер өзіне және есепшісіне заңсыз сыйақы аударып отырған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

«Жамбыл ауданы прокуратурасының Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысына және Жамбыл ауданының ветеринарлық станса директорының орынбасарына қатысты ұсыныс қаралды. Тәртіптік кеңес бөлім басшысына мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтамағаны, ветеринарлық станса қызметкерлеріне қосымша қаражат пен сыйақы төлеу бойынша бекітілген жүйе болмағаны үшін ескерту жасауды ұсынды», - делінген хабарламада.

Ветеринарлық станса директорының орынбасары директор міндетін атқарған кезде өзіне және бас бухгалтерге заңсыз сыйақы аударған.

Тәртіптік кеңес қызметтік мансабын пайдаланып, жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін директор орынбасарын жұмыстан босату ұсынысын жасады.

Соңғы жаңалықтар