СҚО-да Мемлекеттік рәміздер күнінде 1000 гүлден жасалған мемлекеттік ту мерекелік сахнаның сәнін келтірді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні - 4,5 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтар Петропавлда өткен партиоттар форумына қатысты.
None
None

Орталық алаңға жиналған қауымды өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.

«Нағыз патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Осындай құрмет арқылы біз тұтастығымыз бен ауызбіршілігімізді көрсетеміз. Ел басшысы атап өткендей, «ел азаматтарының оның рәміздеріне деген құрметі - адамдар қаншалықты өздерін осы елдің азаматы ретінде сезінетінін, болашаққа деген сенімін, патриоттық сезімін көрсетеді».

Бұл қасиеттерге біз әсіресе, жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Біздің елді жаңа табыстар мен жетістікке жеткізетін де нақ солар», - деп атап өтті облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Форкм барысында кәсіби қызметінде жеткен табыстары, белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқаны үшін 5 солтүстікқазақстандық облыс әкімінің дипломын алды. Әртүрлі кәсіп болғанымен, оларды өз еліне деген шексіз сүйіспеншілігі мен патриоттық мақтаныш сезімі біріктіреді.

«Ту, Елтаңба, Әнұранды бағалап, қастерлеу әр азаматтың ұлы парызы, тек солар арқылы өз елімізге деген мақтаныш сезімін білдіре аламыз. Солар арқылы бір біртұтас отбасы екенімізді сезінеміз», - деді «Негіз» ЖШС-ның директоры Сергей Тимофеев.

Биылғы жылы Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күнінде 1000 бақыт гүлінен (хризантема) жасалған мемлекеттік ту мерекенің көркін келтірді. Тудың ұзындығы 3 метр 30 сантиметр. «Бақытты күн» жекеменшік агенттік қызметкерлерінің мұны жасауына 12 сағат кеткен. Гүл 400 мыңнан астам теңгеге сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар