СҚО-да «Мен - чемпион» атты спорттық ойыны мыңдаған оқушылардың басын қосты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Мен - чемпион!» балалар спорттық ойынының 2-ші кезеңіндегі аймақтық сайыстары басталды.
None
None

Ойындардың бірі қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Спорттық шараға СҚО әкімі Ерік Сұлтанов барды.

«№ 43 және № 4 мектептердің командалары сайысқа түсті. Слалом, секіргішпен топтық секіру және басқа да жарыстар болған жеті кезеңді қорытындылағанда № 43 мектеп командасы жеңіске жетті. «Мен - чемпион» балалар спорттық ойынының 1-ші кезеңіне (мектепішілік) мыңнан астам команда мен 10 мыңнан астам оқушы қатысқан. 2-ші кезеңде (аудандық, қалалық) - 123 командадан 1500 бала қатысты», - деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

«Мен - чемпион» балалардың телевизиялық спорттық ойынының отаны - Солтүстік Қазақстан облысы. Сайыстың мақсаты - балалардың денсаулығын жақсарту, мектеп және облыс мектептерінің оқушыларын қимылды ойындар мен спортқа тарту.

«Мен - чемпион» ойыны сенбі және жексенбі күндері «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
null
null

Соңғы жаңалықтар