СҚО-да Өмір Есқали «ҚР құрметті журналисі» белгісімен марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында СҚО әкімдігінде салтанатты жиын өтті. БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен өңір басшысы Е. Сұлтанов құттықтады. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Сендер ең күрделі және жауапты, сонымен қатар шығармашылық және қызықты кәсіпті таңдадыңыздар. Материалдар мен радио жаңалықтарыңызда  өңірдің маңызды оқиғалары көрініс табады. Келелі пікірлер мен халықты толғандырған сұрақтарға жауаптар жарияланады. Билік органына облыс тұрғындарымен тиімді диалогты реттеуге жәрдемдесіп келесіңдер», - деді Е. Сұлтанов.

Әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатқа кәсіби және белсенді қатысқаны үшін СҚО әкімінің құрмет грамотасымен 5 журналист марапатталды. Алғыс хатты 12 БАҚ қызметкерлері алды. Сыйақы 18 қызметкерге берілді.

Облыс әкімі «ҚР құрметті журналисі» төс белгісімен белгілі журналист Өмір Шалабайұлы Есқалиді марапаттады. Өмір Есқали журналистика саласына 35 жылдан астам уақытын арнады. Кәсіби мереке қарсаңында 60жылдығын атап өтті.

Е.Сұлтанов өз ісіне адал, кәсіби, шыншыл журналист бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. 

null null 

Соңғы жаңалықтар