СҚО-да он күнде қарасора өсірумен айналысқан бес «фитозертхана» анықталып, жойылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдың 47 және 27 жастағы бес тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысты деген күдікке ілінді.

СҚО-да он күнде қарасора өсірумен айналысқан бес «фитозертхана» анықталып, жойылды
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілерді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.

СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру құрылғылары және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған «фитоесірткі зертханалары» табылды. Сондай-ақ қарасора өсіндісі мен оның тұқымы алынды. Нәтижесінде полицейлер барлығы 22 түп «қарасора» және 250 грамға жуық «марихуана» мен «гашиш» есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге салайық, былтыр СҚО-да былтыр бір есірткі зертханасы жойылды, 771 келі есірткі айналымнан алынды.

Ал бұған дейін СҚО-да азық-түлік бағасы бір жылда қалай өзгергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар