14:10, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
СҚО-да өңдеу өнеркәсібін дамыту аясында 51 млрд-тан астам теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде кәсіпкерлік және туризм, ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары және бұл саладағы қалалық бөлімдердің басшыларының қатысуымен кезекті брифинг болып өтті. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту аясында сомасы 51 млрд. теңгеден асатын, 700-ден астам жұмыс орнын құрумен бірге 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге брифинг барысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербатыр Мадияровқа тілшілер тарапынан бірнеше елді мекенде ірі қара малдың бруцеллезбен ауыруына байланысты онда енгізілген ветеринарлық шектеулер бойынша сұрақтар қойылды.
Жергілікті билік органдарының өкілдері барлық сұрақтарға толық жауап берді.