СҚО-да оншақты қой көлік астына түсіп қырылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы «Жезқазған-Петропавл» автожолында көлік жүргізушісі абайсызда жолға шығып кеткен қойларды қағып кетті. Бағусыз жүрген малдың сегізі өлді.

мал
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта болған.

Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолға кенеттен шыққан қойларды кеш байқаған.

Көлік жүргізушісі — бір ауданның тұрғыны аман, ал машинаға механикалық зақым келді.

«Малды бос жіберген тұрғынға үй жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Қаңғырған мал қауіп тудыратынын еске саламыз. Еркін жайылуына жібермеулеріңізді сұраймыз. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мұндай оқиғалардың алдын алуүшін тұрғындармен жиі кездесулер өткізеді», — дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

СҚО-да жыл басынан бері мал жаю ережесін бұзудың 1204 дерегі тіркелді.

Бұған дейін СҚО-да қоныс колониядан қашқан адам іздестіріліп жатқанын айтқан едік.

Соңғы жаңалықтар