СҚО-да орман мекемелері мемлекетке келтірілген 53 млн теңге шығынның орнын толтырды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры орман қорын қорғау жөнінде шаралар қабылдады. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін орман мекемелерінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Военнослужащие МЧС Казахстана проводят санитарную вырубку леса в «Семей Орманы»
Фото: ТЖМ

СҚО прокуратурасының мәліметінше, ведомство табиғат қорғау заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 

Орман заңнамасының сақталуын талдау барысында орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданылмағандығы, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыстың жүргізілмегендігі анықталды. 

Орман кодексінің талаптарына қарамастан, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды тұлғалары 2006 жылдан бастап Петропавл қаласы елді мекендерінің аумағын кеңейту мақсатында орман алқаптарын жойғаны үшін 53 млн теңге сома шамасында шығынның орнын толтыру жөнінде шаралар қабылдамаған.

«Ақан-сері», «Бұрлық», «Мамлют» және «Есіл» орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген.

Тағы бір жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі Экологиялық кодексті елемей, салдарынан орман алқабының аумағында аммиак төгілген. Бұл орман қорының бүлінуіне әкеп соқтырды. 
Мұнда да орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн теңге залал өтелді, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынысы бойынша биыл мемлекеттік орман қорына кірмеген орман алқаптарын есепке алу бойынша бастапқы жұмыстар жүргізілді.

Бұған дейін полицейлер Бурабай табиғи аймағын дронның көмегімен күзететіндігін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар