СҚО-да өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы балалар байқауына 600-ден астам сурет түсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында өткен балалар байқауына 600-ден астам жұмыс ұсынылды. Жас суретшілердің туындыларын алдағы демалыс күндері Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінде өтетін көрмеде тамашалауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, 9-сынып оқушыларына дейін қатысуға мүмкіндік алды.

Балаларға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Өрттердің алдын алу және өрт кезіндегі іс-әрекеттер», «От-дос, от-жау» және «Балалардың отпен ойнауы» тақырыптары берілді.

Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ. Байқауға 600-ден астам жұмыс түсті.

«Балалар суреттерінде өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысын көрсетіп, бақылаусыз от қаншалықты қауіпті және өрт туындамас үшін қандай ережелерді сақтау қажет екенін көрсетті. Байқауға қатысушылар таңдау бойынша қарындашты немесе акварель мен гуашьті пайдаланды. Барлық жұмыстар қызықты, мазмұнды болды. Байқаудың мақсаты балаларға түсінікті болғаны анық, олар өз еңбектерінде өрттің қаншалықты қауіпті екенін көрсете білді», - дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының техникалық норма бөлімінің аға инженері Марина Самойленко.

Байқау шартына сәйкес жеңімпаздар үш жас санаты бойынша анықталды.

Балабақша тәрбиеленушілері арасында 1-орынды «Ақ көгершін» бөбекжайының тәрбиеленушісі Иклас Мансур және «АБВГДейка СК» балалар орталығынан Ильнар Рамазанов иеленді.

1-4 сынып оқушылары арасында үздік сурет авторлары деп Петропавлдағы Бірінші гимназия оқушылары Аннета Золотарева, Дарина Марсова танылды.

Ал 5-9 сынып оқушылары арасында Леденев орта мектебің оқушысы Сабина Бұзаубасова мен Алабота орта мектебінің оқушысы Елдос Жангелді жеңімпаз атанды. Балалар сыйлықтармен марапатталды.

Балалардың суреттерін 22-23 мамыр күндері «CITY MALL» сауда орталығында өтетін көрмеден тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар