08:44, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
СҚО-да өрт кезінде ер адам көз жұмды
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында, Двойники ауылында кеше сағат 10.09-да жекеменшік үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Өрт сағат 12.35-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 72 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнынан егде жастағы ер адамның мәйіті табылды.