СҚО-да өрттен 47 жастағы ер адам ажал құшты - ТЖМ

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Налобино ауылында жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, 33 м² аумаққа таралды деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Жалын 11.56-да ауыздықталып, 13.07-де толығымен сөндірілді. Өртпен күреске ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар