СҚО-да отбасының шырқын бұзған 500-ге жуық адам қамалды

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды
Фото: pexels.com

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында отбасының шырқын бұзған 470 жанжалқой жыл басынан бері 5-10 тәулікке қамауға алынды. Қазір өңірде «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасылық жанжалдар көбінесе демалыс күндері, ішімдік ішу кезінде болады. Петропавлда жексенбі күні кешкісін «102» арнасына облыс орталығының жатақханаларының бірінен қала тұрғыны күйеуіне шағымданды.

Жанжал ішімдік ішу барысында туындаған. Әйел оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартты. Тәртіп сақшылары мұдай жағдайға жиі тап болады. Бұрын арыз болмаған жағдайда құқықбұзушы жазасыз қалып, уақыт өте келе қол жұмсауға дейін баратын.

Енді отбасылық тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. Сондықтан ер адамның мінез-құлқы оны оқшаулауға негіз болды. Бұрын есірткіні пайдаланғаны үшін сотталған құқық бұзушы 5 тәулік әкімшілік қамауға алынады.

«Облыс бойынша 10 ай ішінде 470 адам отбасылық жанжал үшін 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар 16 қыркүйекте басталған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде СҚО-да 236 заң бұзушылық тіркеліп, қорғау ұйғарымдарын бұзудың 26 фактісі анықталды. Отбасында құқық бұзушылыққа жол берген 4 мыңға жуық адам тексерілді», - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Бұған дейін СҚО-да жол-көлік апатында жасқа толмаған нәрестенің мерт болғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram