СҚО-да өткен жылы инфляция деңгейі 6 пайызды құрады

ПЕТРОПАВЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы инфляция деңгейі алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен төмен болып, 6 пайызды құрады.
None
None

Бұл ақпарат жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін өткен брифинг барысында айтылды.

Статистика департаментінің бастығы Ольга Перепечинаның айтуынша, сиыр еті бағасының айтарлықтай қымбаттауы тіркелді - 14,6 пайыз, шошқа еті - 15,7 пайызға қымбаттады. Жылқы еті мен қой еті аздап қымбаттады. Көкөністердің бағасы 6,7 пайызға өсті.

Сондай-ақ брифингте облыс экономикасының дамуындағы оң беталыстары тұрғындардың өмір деңгейі мен еңбек нарығының жағдайына жақсы әсер тигізіп жатқаны атап өтілді. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тұрғындардың орташа жиынтық атаулы ақша табысының өсімі байқалуда.

Соңғы жаңалықтар