СҚО-да өткен жылы Қазақстанның дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарының үштен бір көлемі өндірілді

ПЕТРОПАВЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР статистика агенттігінің алдын ала бағалауы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің республикадағы үштен бір бөлігі өндірілді, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
None
None

Облыста республиканың дәнді, дәнді-бұршақ дақылдары көлемінің үштен бір бөлігінен астам 34,1%-ы өндірілді. Дәнді, дәнді-бұршақты дақылдардың 4 млн. 838 мыңнан астам тоннасы жиналды.

Орташа алғанда 1 гектар аумақтан 11,7 центнер дәнді, дәнді-бұршақты дақыл өнімдері, 178 центнер картоп, 353 центнер көкөніс жиналды.

Өткен жылға қарағанда сиыр малының басы - 15,3 пайызға, қой - 2,7 пайызға, жылқы - 2,5 пайызға, құс 3,6 пайызға артты. Жыл басына 94,4 мың тонна мал және құс еті, 436,1 мың тонна сүт, 430,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Бір сиырдан сауылған сүт 28 келіге, тауықтың жұмыртқалау көрсеткіші 20 данаға өсті.

Соңғы жаңалықтар