СҚО-да өз көлігінің жанынан үсіп қалған жүргізушінің денесі табылды

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында өзінің көлігі жанында үсіп қалған жүргізушінің денесі табылды.
None
None

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, өткен сенбі күні таңертең жергілікті тұрғындар Айыртау ауданына қарасты Баян мен Ағынтай ауылдарының арасынан, «Ниссан» көлігінен 400 шақырым жерде 1978 жылу туған азаматтың үсіп қалған денесін тапты.

Ал Шығыс Қазақстан облысында осы күні құтқарушылар қарда жүретін көлікпен шығып, із-түзсіз жоғалған 14 жастағы жеткіншекті іздестірді. ҚР ТЖМ «Шығыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің мамандары бір жарым сағаттан кейін «Өскемен-Риддер» автожолының 7-інші шақырымынан 10 шақырым жерден көлікті және оның жүргізушісін тапты. Бозбала көлігімен бірге жол бойына дейін сүйреп жеткізілгеннен кейін, өз бағытымен жол тартты.

Соңғы жаңалықтар