СҚО-да пайдаланылмаған 125 мың гектардан асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM —  Жыл басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

СҚО-да пайдаланылмаған 125 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр, - делінген Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы хабарламасында.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.

Айта кетелік Түркістан облысында заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған еді

 

Соңғы жаңалықтар