СҚО-да «Петерфельд-Агро» асыл тұқымды мал шаруашылығы жыл басынан бері 123 млн. теңгеге ірі қара мал сатты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қызылжар ауданындағы «Петерфельд-Агро» асыл тұқымды мал шаруашылығы - Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі шаруашылықтарының бірі. Мұндағы шаруалар сүтті, сондай-ақ етті малды өсіріп отыр.
None
None

4 жылдай уақыт шаруашылықта симменталь және қара ала тұқымды сиырларды өсіруде. Ірі қара малдың саны 3,5 мың басқа дейін жеткізілген.

«Асыл тұқымды малдарды облыс орталығында сатудамыз. Жыл басынан бері жалпы сомасы 123 млн. теңгеге 260 тайынша мен 105 бұқа сатылды. Сондай-ақ биыл 360 тұқымды бұзау мен қара ала тұқымды 600 бұзау алдық. Жоспарда - технологиялардың көмегімен өнімділікті арттыру», - деп ақпараттандырды "Петерфельд - Агро" ЖШС-нің басқарушы директоры Александр Фомичев.

Шаруашылықта сауылған сүттің көлемі де жақсы - күніне 10 тонна сүт жиналады. Соның ішінде 8 тоннасы Көкшетаудағы «Молоко Синегорья» сүт зауытына тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар