СҚО-да полицейлер марапатталып, кезекті шендерін алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өңірдің қоғамдық тәртібі мен жол қауіпсіздігін сақтауға кезекшілікке түсетін полицияның кешендік күштерінің гарнизондық таратылуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, гарнизондық таратылуда салтанатты түрде бірқатар қызметкерлер кезекті арнайы шендерін алса, бір тәртіп сақшысы медальмен марапатталды.

Департамент Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рустам Жаров ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2009 жылға дейін учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, кезекші бөлімнің қызметкері болып еңбек етті. 2017 жылдан осы уақытқа дейін облыстық Полиция департаментінің Штабында қызметте. Бүгіннен бастап ол полиция подполковнигі. Тағы алты қызметкер облыстың бас полицейінің қолынан кезекті шендерін алды. Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының кезекші бөлімі кезекшісінің тәжірибелі көмекшісі Андрей Коржов «ҚР ішкі істер органдарының ардагері» медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев тәртіп сақшыларының киім киісі мен қызмет өткеруге әзірліктерін тексерді.

Облыс орталығында күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге патрульдік полиция батальоны, учаскелік инспекторлар, облыстық және қалалық полиция аппаратының, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған ондаған жаяу жасақтар мен автопатрульдер шығады. Марат Төлебаев полицейлер қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды ұстау кезінде жедел және кәсіби әрекеттерге, түрлі жағдайларға тап болған тұрғындарға көмек көрсетуге дайын болуы қажет екенін атап кетті.

Гарнизондық тарату салтанатты маршпен аяқталып, сақшылар мен әскери қызметшілер қызмет атқару орындарына тарқасты.



Соңғы жаңалықтар