СҚО-да полицейлер жалғызілікті қарттардың аулаларын қардан тазартуға көмектесіп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер соғыс және полиция қызметінің ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлерге барып көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Наурыз мейрамын игі істер жасап қарсы алуда. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары соғыс және полиция қызметінің ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлерге барды. Олардың аулаларынан қар шығарып, отын тасып берді. Азық-түлік әкеліп, үйлерін жинады.
78 жастағы М. Жұмабаев ауданының тұрғыны Тамара Долдина теміржолда телефонист болып еңбек етті. Оның жары Федор Дмитриевич соғыс кезінде колхозда жұмыс істеген, Жеңіске қосқан үлесі үшін «1941-1945ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұл отбасыға полицейлер бірнеше жылдан бері көмектесіп келеді. Бүгін де ауланы қардан тазартты, ал аудандық полиция бөлімінің медбикесі олардың қан қысымын өлшем, жағдайларын білді. Риза болған зейнеткер қонақтарға фотоальбомды көрсетіп, өз өмірі туралы айтып берді.
Айдауылдау қызметі взводының қызметкерлері қолдарына күрек алып, Петропавлда тұратын ІІМ зейнеткері Сәкен Бакетовке барып қайтты.
Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Бескөлде тұратын жалғызілікті зейнеткер 86 жастағы Вера Влаченкоға барды. Вера Ивановна – тың игеруші, тың игергені үшін 6 рет марапатталған екен. Бескөлде 1968 жылдан тұрады, 27 жыл көшпелі механикаландырылған колоннада жұмыс істеген. Қызылжарлық полицейлер кейуанаға азық-түлік апарып, үйдің маңын қалың қардан тазартты. Аудан полицейлері полиция ведомствосының ардагерлерін полиция бөлімінің акті залында құттықтады. Ұрпақтар арасындағы байланыс та ұмыт қалған жоқ: ішкі істер органдары зейнеткерлерімен кездесуге «Парасат» мектеп-лицейінің және №2 орта мектеп оқушылары шақырылды. Балалар аудандық полицияның музейіне барды, ІІО ардагері Александр Клопов қылмыс орындарында заттай дәлелдемелерді іздестірумен және зерттеумен айналысатын погондағы ғалымдар деп аталып кеткен криминалист мамандардың қиын да қызықты жұмысы туралы айтып берді.
««Игі істер күні» барлық аудандық полиция де және Петропавл қалалық басқармасында өтті. 30-дан аса адамға көмек көрсетілді. Негізгі көктем мерекесі қарсаңында бастау алған қайырымдылық марафоны алдағы уақытта та жалғасады. Полицейлер ведомствоның ардагерлері, тыл мен майдан ерлері, аз қамтылған отбасыларға тек мереке күндері ғана қамқорлық көрсетпейді. Қарт адамдарға қамқор болу – ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлаған, өңірдің гүлденуіне үлес қосқан аға буынға ризашылық білдіру деп білемін», - дейді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.