СҚО-да полицейлер жаралы аққуды құтқарды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жаралы аққуды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да полицейлер жаралы аққуды құтқарды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Аққайың ауданында, Аралағаш ауылының маңында патрульдік полицейлер жолда ұша алмай отырған құсты аңғарған. Қанаты қайырылған аққу тобынан қалып қойған.

Полицейлер - Жанболат Бүркіталин мен Дмитрий Белоусов құсты Петропавлдың ботаникалық бағына әкелді. Ондағы мамандар құстың айығуына көмектесіп, көктем шыға ұшырып жіберуге уәде берді.

Авторы: Олеся Жуковень