СҚО-да референдумда 4 мыңнан астам адам алғаш рет дауыс береді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы референдумды өткізуге дайын. Дауыс берушілерге науқан жайында ескерту sms хабарландырулары жіберілді. 

СҚО-да референдумда 4 мыңнан астам адам алғаш рет дауыс береді
Фото: СҚО аумақтық референдум комиссиясы

СҚО аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, барлығы 364 767 азамат тізімге енгізілген, оның ішінде 4 145 – алғаш рет дауыс беретін азаматтар.
Петропавл қаласында 157 493 дауыс беруші азамат тіркелген.

– Облыста екі мыңға жуық мүгедектігі бар адам референдумда дауыс береді. Олар денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмаса, үйлерінде өз таңдауын жасауға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ 15 наурыз күні бекітілген учаскеде дауыс бере алмайтын азаматтардың есіне салғымыз келеді. Олар 14 наурыз сағат 18.00-ге дейін өз учаскесіне барып, басқа жерде дауыс беру құқығын беретін куәлікті алып кетуі қажет. Ескеретін бір жайт, бұл мүмкіндікті басқа қалаға, елді мекенге жол жүретіндер ғана қолдана алады, - дейді СҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан.

Референдум күні жалпы өңір бойынша 596 референдум комиссиясы жұмыс істесе, оның 15-і – аумақтық, ал 581-і – учаскелік референдум комиссиялары болмақ. 

Комиссиялардың 3382 мүшесі, оның ішінде: аумақтық комиссияларда – 105, учаскелік комиссияларда – 3277 адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум