СҚО-да «Сандық телевидение - әр үйге» акциясы бастау алды

ПЕТРОПАВЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында аймақ басшысы Серік Біләловтың бастамасымен «Сандық телевидение - әр үйге» акциясы бастау алды. Акцияның старты Уәлиханов ауданының әкімі Еслям Уахитовтың тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі барысында жүзеге асырылды. Ол кездесуге облыс әкімі де қатысқан еді.
None
None

Облыс басшысы тұрғындардың алдында сөйлеген сөзінде атап өткендей, бұл отандық телехабар тарату жүйесін сандық технологияларға көшірудің алғашқы кезеңі. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан жоба 2020 жылға дейінгі Қазақстан дамуының Стратегиялық жоспарындағы басым бағыттардың бірі. Спутниктік сандық телерадио таратылымының іске қосылуымен республикамыздың барлық тұрғындары, оның ішінде еліміздің шекарасында орналасқан елді мекен тұрғындары алғаш рет спутниктік байланыс арқылы 37 республикалық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болды.

Акция кезінде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, және тұрмысы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлу қажет, деп атап өтті облыс әкімі.

Уәлиханов ауданы әкімінің қорытынды есепті кездесуіне қатысқан өңір басшысы спутниктік байланыстың алғашқы комплектісін Ұлы Отан соғысының ардагері, Кішкенекөл селосының тұрғыны Алсағит Мұқашевқа табыс етті.

Осы күні облыс әкімі Ақжар ауданының әкімі Ағзам Тастеміровтың тұрғындармен өткізген есептік кездесуіне де қатысты. Мұнда осы секілді спутниктік қосымшаға Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақсай ауылының тұрғыны Валентина Соколовская ие болды.

Еске сала кетсек, 18-ші қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісін ресми түрде іске қосты.

Соңғы жаңалықтар