СҚО-да сәуір айында ауа райы қандай болмақ

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктердің болжамына сәйкес, сәуір айында орташа ауа температурасы +4…+7°C шамасында болады. Бұл – көпжылдық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары.

СҚО-да сәуір айында ауа райы қандай болмақ
Фото: freepik

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы құбылмалы болады. Күндіз ауа +16…+19 °C-қа дейін жылынса, түнде 0…+10 °C аралығында болады.

Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Түнде -2…-5 °C-тан +15…+18 °C-қа дейін жоғарылайды. Ал күндіз сынап бағанасы -1…+3 °C-тан +18 °C-қа дейін көрсетеді. Тек ай соңында суық ауа ағыны байқалып, кей жерлерде түнде -2 °C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз +5…+10°C шамасында болады.

Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға сәйкес 17-33 мм болады. Жаңбыр жиі, бірақ аз мөлшерде жауады.

Сонымен қатар кей күндері екпіні секундына 28 метрге дейін жететін жел тұруы мүмкін. Кей аймақтарда шаңды дауылдар болады деп болжанған.

Бұған дейін СҚО-да еріген қар суы жолды шайып кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар