СҚО-да селден қираған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық комиссия отырысында сел мен өңірдегі су қоймаларында адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар талқыланды. Бұл туралы облыс басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

СҚО әкімінің орынбасары Владимир Бубенко облыста 62 тұрғын үй мен 150 саяжай учаскесі су астында қалғанын айтты. Оның айтуынша, тас жолдың 3 700 метріне еріген қар суы жайылғанын, 20 су өткізу ғимараты бұзылған. Қазір оларды қалыпқа келтіру жұмыстары жасалып жатыр.

«Бұл сел маусымы өтті, келесі маусымға дайындалу керек», - деді Ерік Сұлтанов оның сөзінен кейін.

Ол аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне гидротехникалық ғимараттардың 2016 жылғы сел кезенінде апаттық жағдайсыз қызмет етуге дайындауды, қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындарды қабылдауға қажетті материалдық-техникалық база қорын жасақтауды және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша бірінші кезектегі шараларды өткізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар