СҚО-да Сергеев қоймасындағы су таси бастады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асып төгіліп жатыр.

На 85% заполнено Сергеевское водохранилище в СКО
Фото: Олеся Жуковень

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бөгеннің тасуы бүгін сағат 20.50 минут кеткенде тіркелді. Өңірдегі гидрологиялық бекеттер орналасқан барлық өзендерде су көтеріліп жатыр.

Кешкі сағат 20.00-дегі гидрологиялық мониторниг мәліметіне сүйенсек, Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің су деңгейі бүгін таңғы сағат 8.00-ден бері 2 метрге көтерілген.

Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі Возвышенка елді мекенінің маңында осы аралықта 119 см-ге артты.

Мұқыр өзенінде деңгейі 92 см-ге көбейді.

Облыстағы Шарық, Бабықбұрлық, Иманбұрлық, Қамысақты өзендері де күннен-күнге толығып жатыр.

Естеріңізге салайық, былтыр да Сергеев су қоймасы осы күндері тасып, 8 сәуірде 196 см-ге дейін көтеріліп, шарықтау шегіне жетті.

 

Соңғы жаңалықтар