СҚО-да Шарлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында кей өзендердің су деңгейі бір тәулікте метрлеп көтеріліп жатыр. Әзірге су айдындарынан келер қауіп жоқ.

Есіл
Фото: Олеся Жуковень / Kazinform

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, бір тәулікте Шарлық өзені Рузаевка ауылының маңында 153 см-ге, Андреевка ауылының маңында 93 см-ге, Аққанбұрлық өзені Возвышенка елді мекенінің маңында 128 см-ге көтерілген. Бабық Бұрлық, Иманбұрлық, Мұқыр өзендерінің де суы біртіндеп көтеріліп жатыр. 

Ал Шөптікөл ауылының маңында Есіл өзені суының деңгеі өткен тәулікте 76 см-ге, Дружба елді мекені маңында 57 см-ге, Тоқсан би ауылында 33 см-ге жоғарылаған. 

Сергеев су қоймасында су деңгейі өткен тәулікте 8 см-ге артты. Қазір гидрологиялық нысан 97,5% толып тұр. 

Синоптиктердің болжамынша, жылы ауа райы алдағы күндері сақталады. Ертең өңірдің оңтүстік аудандарында сынап бағанасы +20 С градусқа дейін көтерілмек. 

Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қай өңірлерге су басу қаупі төніп тұрғанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар