СҚО-да шетелдіктер отырған шағын автобус иен далада сынып қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында таңға жуық Тәжікстан азаматтары отырған шағын автобус сынып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, уақтылы көмек келмегенде ен далада қалған шетелдіктердің халі мүшкіл болар еді. Аймақта аяз түсіп, шетелдіктер ауа райының бұлайша құбылуына дайын болмаған.

«Адам жүрмейтін «Петерфельд - Новокаменка» жолында автобустың сынуы жеңіл киінген оңтүстіктегі елдің азаматтарына нағыз сынаққа айналды. Олар ақыры 112 нөміріне хабар берді. Арада 15 минут өтер-өтпестен оқиға орнына ТЖ қызметкерлері мен Қызылжар ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, Архангельск ауылдық округінің әкімі келді. «Ситроен - Спринтер» автобусы сынып қалған жерінде жөнделіп, қажетті амалдар жасалды. 8 жолаушы жедел түрде Архангельск ауылының жылыну пунктіне жеткізілді», - делінген департаменттің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Тәжікстан Республикасының азаматтары отанына оралуға қамданып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында жолда қалған Өзбекстанның 43 азаматы құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Автор:

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар