СҚО-да синтетикалық есірткі сатып келген интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-магазинді ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі саудагерлері 8 қаңтар күні ұсталды. 30 және 28 жастағы екі жігіттің жалға алған пәтерінен сатуға дайындалған заттар: «тұз», «спайс», жазбалар, SIM карталар, смартфондар тәркіленді. Сонымен қатар, ішінде 250 гр жуық синтетикалық есірткі бар үлкен полимер орама табылды. Барлық зат сараптамаға жолданды.

«Синтетикалық есірткіні таратуда жоғары технологиялық әдістерді қолдану –жұмысымыздағы ең басты қиыншылықтың бірі. Таратушы қашықтықтан әрекет етеді, есірткіні белгілі жерге салушы – тарату тізбегіндегі ең төменгі буын – ол таратушыны көрмейді, тек жабық электрондық арналар арқылы байланысқа шығып тұрады. Алайда, егжей-тегжейлі жедел жұмыстың нәтижесінде аталған интернет-ресурсты ұйымдастырған күдіктілер анықталды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.


Аталған факті «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Екі күдікті қамауға алынды.

Былтыр тәртіп сақшылары есірткі заттарын сатумен айналысқан 162 интернет-дүкенді анықтады. Одан басқа 1 есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.




Соңғы жаңалықтар