СҚО-да су қоймаларының толуына мониторинг жүргізілуде

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында су қоймаларының толуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
None
None

Солтүстік Қазақстанда қардың қалыңдығы көпжылғы орташа мәліметтен жоғары. Топырақта өнімді ылғал қоры нормадағыдан 1,5-3 есе көп. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Сергеев су қоймасына тасқын кезеңінде келетін су көлемі 2 млрд. 600 млн. - 3 млрд. 400 млн. текшеметрді құрайды. Сілеті су қоймасына 150-230 млн. текше метр су жиналады. Су толығуының бұл шамасы жағалауға су шығып кетуіне соқтыруы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сәуір айындағы ауаның орташа температурасы 4-5 градус жылы болмақ, бұл нормадағыдан 1-2 градус жоғары. Қардың еруі сәуірдің бірінші онкүндігінде күтілуде. Есіл өзенінің салаларында су тасқыны сәуірдің бірінші онкүнігінде болады деп шамалануда.

Су тасқынына қарсы шараларды өткізуге әзірлік аясында департамент су басуы мүмкін аудандар мен көлемдерді нақтылады. Облыс аумағында көктемгі су тасқыны кезінде 18 елді мекен қоныстанған ойпатты учаскелерді ішінара су басуы мүмкін. Республикалвық автожолдарда 114 учаске анылқталды, ал облыстық маңыздағы автожолдарда - осындай 179 учаске бар.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы медикаменттердің біржарым айлық қорын жасады, елді мекендерде босанатын әйелдердің саны нақтыланды. Жолдарды, бөгеттерді шайып кетудің алдын алу үшін құрылыс материалдардың, қапшықтардың, жанар-жағармайларының және техниканың қоры жасақталды. . Облыс аумағында орналасқан 25 гидроқұрылыстардың техникалық жай-күйі тексерілді.

Облыста су тасқыны өтуіне бақылау жасауға 14 метостанса және 14 гидрологиялық бекеттер тартылуда. Сондай-ақ «Қазгидромет» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының мәліметтері пайдаланылпатын болады. Есіл өзені мен оның Жабай және Колутон сияқты тармақтарындағы жағдайлар бақылауға алынды.

Облыста орналасқан су қоймаларына мониторинг жүргізілуде және Сергеев, Петропавл су қоймаларындағы су көлемін азайту үшін суды жоспарлы түрде өткізу шаралары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар